«Милан – Кортина-2026»: 14 ақпанда Қазақстан құрамасы жүлде санын арттыра алмады

15.02.2026, 09:10
301
«Милан – Кортина-2026»: 14 ақпанда Қазақстан құрамасы жүлде санын арттыра алмады Сали Сабиров / instagram.com/olympickz

Отандық спортшылардың сегізінші күнгі нәтижелері айтылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Милан – Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындары аясында Қазақстан құрамасы алты спорт түрінен сынға түссе де, жүлде қорын толықтыра алмады. Жарыстар Италияның солтүстігіндегі бірнеше қалада, соның ішінде Милан мен Кортина-д’Ампеццо алаңдарында өтті.

Тау шаңғысы. Ерлер арасындағы алып слаломда Ростислав Хохлов 55-орынмен шектелді.

Фристайл-могул (параллель). Әйелдер сайысында жүлдеге таласқа араласу мүмкін болмады:
Юлия Галышева – 13-орын,
Анастасия Городко – 8-орын,
Аяулым Амренова – 19-орын.

Шаңғы жарысы. Әйелдер арасындағы командалық эстафетада Қазақстан құрамасы (Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко) бір айналымға қалып, 15-орын алды.

Биатлон. Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық жарыста Алина Ракишева – 91-орын, Милана Генева – 88-орын.

Конькимен жүгіру. Әйелдер құрамасы командалық жарыста медальдық финалға өте алмады. Қашықтықтың бір айналымында Арина Ильященко құлап қалды. Ал ерлер арасындағы 500 метрде Евгений Кошкин тоғызыншы нәтиже көрсетті.

Трамплиннен шаңғымен секіру. Үлкен трамплинде 18 жастағы Илья Мизерных сенсациялық түрде сегізінші орынға табан тіреді. Данил Васильев – 27-орын.

Шорт-трек. Әйелдер арасындағы 1000 метрлік іріктеуде Ольга Тихонова 1:31.771 уақыт көрсетіп, өз жарысында төртінші келді. Алайда ширек финалға жолдама ала алмады.

Қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында небәрі бір алтын медаль бар. Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама 15-орында тұр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды