Ресей Қазақстандағы референдумға бақылаушылар жібереді
Ресей өкілдері Қазақстандағы конституциялық дауыс беруге қатыспақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Қазақстанда өтетін жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдумға өз байқаушыларын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин мәлімдеді.
Дипломаттың айтуынша, Ресейдің Қазақстандағы сайлау науқандары мен референдумдарды бақылауға қатысуы — қалыптасқан әрі тұрақты тәжірибе.
Оның сөзінше, ресейлік байқаушылар бұған дейін де Қазақстандағы бірқатар маңызды саяси науқандарға, соның ішінде 2022 жылғы маусымда өткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық дауыс беруге қатысқан.
Алдағы конституциялық референдум да бұл тәжірибеден тыс қалмайды.
Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурызға белгіленген. Құжатта мемлекеттік басқару жүйесіне бірқатар құрылымдық өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, парламенттің бірпалаталы модельге көшуі, вице-президент лауазымын енгізу және басқа да жаңашыл тетіктер қарастырылған.
Материал авторы