217

Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінде чемпион болды

Отандық теннисші Дохадағы ірі турнирде жұптық сында топ жарды.

Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінде чемпион болды
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, теннисші Анна Данилина жұптық сында WTA 1000 Доха турнирінің жеңімпазы атанды. Жарыс Доха қаласында өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы жазды.

Турнир барысында Анна Данилина Сербия өкілі Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетті. Финалда қазақстан-серб дуэтіне Елена Остапенко мен Се Шувей жұбы қарсы тұрды.

Шешуші матч аса тартысты өтті. Алғашқы сетте ірі есеппен жеңілгеніне қарамастан, Данилина мен Крунич ойын барысын түбегейлі өзгертіп, кездесуді камбэкпен аяқтады — 0:6, 7:6, 10:8. Осылайша, қазақстандық спортшы маусымдағы ең ірі турнирлердің бірінде чемпион атанды.

Материал авторы