252

Өскеменде экологиялық жағдайға байланысты барлық мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Қалада үшінші күн қатарынан аспанды қара түтін басты.

Өскеменде экологиялық жағдайға байланысты барлық мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Zakon.kz/Асем Кайратбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай үшінші күн қатарынан сақталып отыр. Соған байланысты 16 ақпанда қаладағы барлық мектептердің 0–11 сынып оқушылары бірінші және екінші ауысымда қашықтан оқыту форматына көшеді.

Қалалық білім бөлімі хабарлағандай, шешім желсіз ауа райы мен экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қабылданды. Қолайсыз метеожағдайдың екінші деңгейі кезінде зиянды заттар ауа қабатының төменгі бөлігінде жиналып, балалардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ведомство мәліметінше, 16 ақпанда сабақтар толық онлайн форматта, бекітілген сабақ кестесіне сай өтеді. Оқу процесіне цифрлық білім беру платформалары тартылып, оқушылар мен ата-аналармен тұрақты кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Билік бұл шара уақытша екенін және басты мақсат – балалардың денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу екенін атап өтті.

Материал авторы