265

Нұрлан Қоянбаев ауруханадағы суретін жариялап, көпшілікке үндеу жасады

Шоумен жазылушыларына қолдау үшін алғыс айтты.

Нұрлан Қоянбаев ауруханадағы суретін жариялап, көпшілікке үндеу жасады
instagram.com/stories/koyanbayevnurlan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер, тележүргізуші әрі актер Нұрлан Қоянбаев ауруханадан түсірілген суретін жариялап, жазылушыларына алғыс айтты.

Ол палатадағы төсекте отырған сәтін көрсетіп, көпшіліктің қолдауы өзіне үлкен күш бергенін жеткізді.

«Қолдауларыңызға рақмет. Бәрі жақсы болады», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Қоянбаев денсаулықтың адам өміріндегі ең басты құндылық екенін ерекше атап өтті.

«Денсаулық – ең үлкен байлық, ең қымбат сый, ең маңызды капитал. Бірақ біз кейде соны ұмытып кетеміз. Өмір бір-ақ рет беріледі. Оны өкінішпен емес, алғыспен өткізіңіздер», – деді ол.

Қазіргі таңда шоуменнің нақты қандай себеппен ауруханаға түскені хабарланған жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор