Қазақстан арқылы Ресей астығын Өзбекстанға экспорттағандар ұсталды

24.04.2023, 17:54
564
Қазақстан арқылы Ресей астығын Өзбекстанға экспорттағандар ұсталды smartnews.kz

Қазақстан арқылы Ресей астығын Өзбекстанға экспорттаған адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаржы мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері елге кіргізілген астық көлемін төмендетіп, Ресейден автомобиль көлігімен астықтың «сұр» импортымен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі. 
Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстан Республикасына 500 млн теңгеден астам сомаға 4,8 мың тонна көлемінде Ресей астығын экспорттаған. Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында ол қазақстандық тауар ретінде көрсетілген. Бұған отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактуралары пайдаланылған және бұл 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетейік, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әр адам сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп есептеледі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды