Қазақстанның кикбоксинг аңызы Сабыржан Махметов өмірден өтті
КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ бапкері қайтыс болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық кикбоксингтің көрнекті өкілі, беделді бапкер, сала ардагері Сабыржан Махметов дүниеден өтті.
Қаралы хабарды Жекпе-жек федерациясы ресми түрде растады. Сондай-ақ бапкердің қайтыс болғанын журналист Қанат Ескендір әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, Сабыржан Махметов – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Жекпе-жек» федерациясының негізін қалаған және ұзақ жылдар бойы оны басқарған тұлға. Оның есімі отандық спорт қауымдастығында ғана емес, шетелдік кәсіби ортада да кеңінен танылған.
Сабыржан Махметов кеңестік кезеңде КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ маман ретінде тарихта қалды.
Материал авторы