235

Қарағандыда екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Апат кезінде автобус ішінде 20 адам болған.

Қарағандыда екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды қаласында екі жеңіл көлік пен маршруттық автобус соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат 15 ақпан күні сағат 16:20 шамасында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол үстінде Mitsubishi, Audi маркалы екі жеңіл автокөлік пен қоғамдық көлік соқтығысқан.

Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлауынша, жол апаты салдарынан Audi көлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілген. Ал автобус салонында небәрі 20 жолаушы болған, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Материал авторы