302

Навальныйды «эквадорлық бақаның уымен улады» деген мәлімдемеге Ресей жауап берді

Еуропада Навальный ісі қайта көтеріліп, жаңа деректер белгілі болды.

Навальныйды «эквадорлық бақаның уымен улады» деген мәлімдемеге Ресей жауап берді
Denis Kaminev / AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі Батыс елдерінің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме беріп, ресейлік саясаткер Алексей Навальный «эквадорлық бақаның уымен уланған» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова бұл мәлімдемелерді «ақпараттық қоқыс» деп атады.

Оның айтуынша, Еуропа елдері дәл осы тақырыпты алға тартып, «Nord Stream 1» және «Nord Stream 2» жобаларына қатысты тергеу нәтижелерін жариялаудан назарды әдейі басқа жаққа бұрып отыр.

«Талдау нәтижелері, заттың формуласы ұсынылмайынша, қандай да бір пікір айту мүмкін емес. Қазір айтылып жатқанның бәрі өзекті мәселелерден назарды бұруға бағытталған ақпараттық қоқыс», – деді Захарова.

Бұған дейін бірқатар шетелдік БАҚ-та Навальныйдың биоматериал үлгілерін
Ұлыбритания, Швеция, Франция, Германия және Нидерланд зертханалары тексергені жөнінде ақпарат тараған.

Хабарламаларда бірнеше тәуелсіз зертхана үлгілерден аса уытты зат тапқаны, оның Оңтүстік Америкада кездесетін улы бақадан алынатыны айтылған.

Материал авторы