460

Ресейлік депутат Шайдоровтың жеңісінің артында Ресейдің үлесі зор екенін айтты

Алтын медаль Ресейде өткізген жаттығулардың нәтижесі дейді депутат.

Ресейлік депутат Шайдоровтың жеңісінің артында Ресейдің үлесі зор екенін айтты
The Associated Press

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадада жеңіске жетіп, Қазақстанның атын әйгіледі. Ресей Мемлекеттік думасының депутаты, бұрынғы Олимпиада чемпионы Светлана Журова Қазақстан спортшысын дайындауда Ресейдің де үлесі бар екенін атап өтті.

Журова Михаилдың бапкері Алексей Урмановтың тәжірибесін еске салып:

«Ол жеңістің артында үлкен еңбек жатыр. Михаил Олимпиадада барынша жақсы дайындалып, барлық қарсыластарын таңғалдырды», – деді.

Депутат сонымен қатар Шайдоровтың Сочиде жаттығулар өткізгенін айтты:

«Ресей оған Олимпиадаға дайындалуға мүмкіндік берді. Ол өз күшін жинап, керемет өнер көрсетті», – деді Журова.

Журованың сөзінше, көптеген спортшылардың бағдарламасы ойдағыдай болмағанымен, Шайдоров шыңдалған өнерімен чемпион атанды.

Материал авторы