370

«Қанша қатын алсам да, өзім білем!»: Рүстем Жүгінісов тоқал алды деген қауесеттерге жауап берді

Желіде бұрынғы әншінің 3 әйелі бар деген ақпарат тарады.

«Қанша қатын алсам да, өзім білем!»: Рүстем Жүгінісов тоқал алды деген қауесеттерге жауап берді
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Рүстем Жүгінісовтің жеке өміріне қатысты қауесеттер әлеуметтік желілерде тарады.

Threads платформасында Альбина есімді қолданушы әншінің «екінші жарының жазбалары» деген атпен жарияланған ақпараттарды бөлісті. Скриншоттарда әйел өзін Жүгінісовтің екінші жары ретінде таныстырып, 23 жаста екенін және күйеуімен бірге тұратынын айтты.

Жазбаларда күйеуінің үш әйелі бар екені және әрқайсысына қатысы тең дәрежеде қарауға тырысатыны айтылған.

«Үшеуін де тең көру мүмкін емес. Ол нәрсе Құранда да жазылған», – деп жауап берген.

Бұл жазбалардан кейін әлеуметтік желі қолданушылары әншіні сынға алып, көпәйелділік пен дін тақырыбын талқыға салды. Кейбірі заңдық және моральдық тұрғыдан сыни пікір білдірсе, басқалары өнеріне деген өкінішін жеткізді.

Өзіндік пікірінде Рүстем Жүгінісов:

«Әйелдерімді санамай, аңдымай, сөз қылмай жүріңіздерші. Қанша қатын алсам да өзім білемін», – деп жазды.

Айта кетейік, бұған дейін әнші шоқынамын деген қауесетке байланысты да сынға ұшыраған еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор