Huawei: болашақ интеллектуалды әлем үш тұғырға негізделген

24.04.2023, 18:14
487
Huawei: болашақ интеллектуалды әлем үш тұғырға негізделген marketwatch.com

Стратегиялық жоспарлау, деректерді біріктіру және жасанды интеллект - табысты цифрлық трансформацияның үш маңызды құрамдас бөлігі.

Бұл туралы 19-20 сәуірде Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Huawei Global Analyst Summit мерейтойлық 20-шы жыл сайынғы саммитінде Huawei компаниясының сарапшылары мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Саммитте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының ағымдағы жай-күйі, оны дамыту стратегиясы, цифрлық трансформацияның жол карталары және саланың болашақ трендтері талқыланды. Шараға 1000-нан астам салалық және қаржы сарапшылары, негізгі пікір көшбасшыларын, сондай-ақ әлемдік БАҚ өкілдері қатысты.

Huawei компаниясының директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, директорлар кеңесінің төрағасы және қаржы директоры Сабрина Мэн, өз сөзінде Huawei компаниясының цифрлық трансформация саласындағы 10 жылға жуық тәжірибесі нәтижесінде алынған үш негізгі қорытындыны атап өтті.

«Стратегия өте маңызды. Шын мәнінде, цифрлық трансформация дегеніміз – стратегиялық жоспарлау және таңдау. Кез келген сәтті цифрлық трансформацияның негізі технология емес, стратегия болуы керек» - деді ол.

Сабрина Мэннің айтуынша, деректер – бұл негіз. Деректер ұйымда айналымда болған кезде ғана құнды болады, сондықтан деректерді әдістемелік басқару негізгі фактор. Әртүрлі өлшемдер бойынша деректерді біріктіру оның құндылығын арттырады.

«Интеллект бұл – мақсат. Операцияларды цифрландыру және цифрлық платформаларды құру цифрлық трансформацияның негізін қалау арқылы деректерді тазартуға, визуализациялауға және біріктіруге көмектеседі. Интеллектті қолдану сұраныс бойынша деректерді пайдалануға мүмкіндік береді, оларды түсінуді жеңілдетеді және цифрлық трансформацияны келесі деңгейге көтеру арқылы оларды әрекетке жарамды етеді», - деп атап өтті Huawei компаниясының қаржы директоры.

Сабрина Мэн атап өткендей, Huawei компаниясы ұйымдарға операцияларды цифрландыру, цифрлық платформаларды құру, платформаға негізделген интеллектуалды мүмкіндіктерді құру және интеллектуалды мүмкіндіктерді пайдалану сияқты төрт кезең арқылы цифрлық технологияларға көшуге көмек беруді көздейді. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін компания клиенттерге архитектурасы қарапайым және сапасы өте жоғары, аз шығын кетіріп, ең үздік тәжірибені қамтамасыз ететін цифрлық инфрақұрылымды ұсынады.

Huawei компаниясы өзінің инновациялық стратегиясынан бөлек, болашаққа деген көзқарасы және мақсатқа жету үшін жүргізіп жатқан кейбір зерттеулері жайлы да айтып берді. Huawei компаниясының Стратегиялық зерттеулер институтының президенті Чжоу Хунның айтуынша, алдағы онжылдықта Шеннон теоремасы шегінен шығып, желі мүмкіндіктерін 100 есе арттыру үшін қазір қажет нәрсенің бәрі бар.

«Интеллектуалды әлемге қарай жылжу жолында желілер мен есептеу тәсілдерін қайта қарау өте маңызды», - деп атап өтті доктор Чжоу Хун. - Есептеу техникасы саласында біз жаңа модельдер, архитектуралар мен компоненттер бағытында әрекет ететін боламыз, сондай-ақ интеллектіні түсіну және бақылау қабілетімізді жақсартамыз. Сонымен қатар өнеркәсіпте, ғылымда және басқа салаларда жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін зерттеуді жалғастырамыз».

Панельдік пікірталас барысында сарапшылар өнеркәсіпті диджитализациялаудағы цифрлық өнімділіктің рөлін және түрлі салаларда цифрлық трансформация процесінде кездесетін қиындықтарды талдады. Іс-шараның маңызды бөлігі жаңа технологияларды үздіксіз енгізу үшін ұсынылатын іс-қимылдарды және олардың цифрлық өнімділігін арттыру процесіндегі салалардың болжамдарын талқылау болды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды