296

Төреғали Төреәлінің қарындасы кенже қызын қырқынан шығарды

Сәбиді қырқынан анасы мен жеңгесі шығарды.

Төреғали Төреәлінің қарындасы кенже қызын қырқынан шығарды
instagram.com/tattti_kyz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы, блогер Дина Төреәлі үшінші сәбиін қырқынан шығарды.

Отбасылық қуанышты рәсімде кенже қызы Мединаға арналған безендіру қызғылт сары түске жасалған. Десерт ретінде арнайы торт дайындалып, қонақтарға макаронс тәттілерінен тойбастар таратылған.

Сәбиді қырқынан Динаның анасы мен ағасы Төреғалидың жары Толқын шығарған.

Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Бүгін Медина қызымызды менің анашым мен жеңгеме қырқынан шығарту бұйырыпты. Алтын қызымның әр күні тек бақытқа толы болсын. Бүгін айтылған жақсы тілектің бәрі қабыл болсын. Шашбауымды көтеріп жүрген жеңгеме Алла разы болсын», – деп жазды.

Жақындарының айтуынша, қырқынан шығару рәсіміне отбасының тек әйел мүшелері ғана қатысқан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор