225

Астана–Петропавл тасжолындағы ауыр жол апаты болды (ВИДЕО)

Lexus пен Lada соқтығысып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Астана–Петропавл тасжолындағы ауыр жол апаты болды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында Астана–Петропавл тасжолында екі көлік соқтығысып, жол апаты тіркелді. Оқиғаға Lexusпен Lada-21705 маркалы автокөліктер қатысқан.

Апатқа қатысты ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады.

Полицияның мәліметінше, соқтығыс салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі таңда зардап шеккен азаматтың жағдайы нақтыланып жатыр.

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге қозғалысы тығыз учаскелерде жылдамдық режимін қатаң сақтау және көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылау қажеттігін ескертті.

Материал авторы