Рамзан Қадыров алдағы сайлауға тек Путиннің келісімімен қатысатынын айтты
Қадыров биліктен шаршағанын айтқанымен, сайлауға дайын отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров алдағы сайлауға тек Ресей президенті Владимир Путиннің келісімімен ғана кандидат ретінде қатысатынын айтты.
Қадыров өз Telegram-каналында кеңейтілген жиналыс барысында осы тақырыпты талқылағанын хабарлады. Жиналыста Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов оған «Біріккен Ресей» партиясынан алдағы сайлауға қатысуға шақырған.
Қадыровтың сөзінше, ол халық пен командасының сенімін бағалайды, бірақ кандидатурасын тек ұлттық көшбасшының қолдауы болған жағдайда ғана ұсынады. Ол бұл шешімін Магомед Хожахмедовичке және серіктестеріне алғыс айтып жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы желтоқсанда Қадыров биліктен шаршағанын айтқанымен, егер Путин ұсыныс жасаса әрі халық қолдаса, қайта сайлауға қатысатынын білдірген еді. Ал биыл қаңтарда ол денсаулығы туралы қауесеттерді жоққа шығарып, өзін толықтай сау екенін мәлімдеді.
Материал авторы