598

«Кофе ішіп отырады»: «Бәйтерек» басшысы Президенттің сынына жауап берді

Ұлттық компанияларды сынға алу әділетсіз дейді холдинг басшысы.

«Кофе ішіп отырады»: «Бәйтерек» басшысы Президенттің сынына жауап берді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Бәйтерек» холдингінің басшысы Рүстем Қарағойшин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық компания қызметкерлеріне қатысты сынға жауап беріп, пікіріне келіспейтінін мәлімдеді.

Тоқаев бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында кейбір ұлттық компаниялар мен «Самұрық-Қазына» қорындағы қызметкерлердің жұмыс орнына бос әңгімелермен айналысып, «шәй мен кофе ішіп отыратынын» айтқан. Президенттің айтуынша, компаниялардың құрылымы артық кадрларға толып кеткен, бұл қызметкерлердің тиімді жұмыс жасауына кедергі келтіреді.

Рүстем Қарағойшиннің сөзінше, «Бәйтерек» холдингінде қызметкерлер үнемі жұмыс істейді, кейде тіпті қосымша жүктеме алады. Ол қызметкерлердің бос әңгімеге уақыт жұмсап, кофе ішіп отыратынын көрмегенін атап өтті. Холдинг басшысы өзінің кеңседе тұрақты болатынын және жұмыс барысын жеке бақылап жүретінін жеткізді.

Қарағойшиннің пікірі бойынша, холдингтің нәтижелері оның жұмысының тиімді екенін дәлелдейді және қызметкерлерді «бос отырады» деп сипаттау әділетсіз.

Материал авторы