Үшінші елдерге емес, нақты компанияларға санкция салуымыз мүмкін

24.04.2023, 20:14
523
Үшінші елдерге емес, нақты компанияларға санкция салуымыз мүмкін eurointegration.com

Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан Қазақстанның Ресей-Украина жағдайына байланысты жанама санкцияға ілігу ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz  сайты.

«Біз үшінші елдерге санкция салмаймыз. Шетін жағдайларда белгілі бір компанияларға олардың санкцияны айналып өтуге көмектескені дәлелденсе, санкция салуымыз мүмкін. Қазіргі таңда қолымызда жеткілікті егей-тегжейлі мәлімет жоқ. Ондай ақпарат болғанда қандай да бір компания санкцияны айналып өтуге шынымен де көмектесіп жүр ме, соны анықтай алар едік. Қазір біз қолымызда бар материалдардың бәрін тексеріп жатырмыз. Қазіргі ең негізгі мақсатымыз – нақты, сенімді ақпарат алу. Бұл бағытта Қазақстан билігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол Еуропалық Одақтың Астанадағы өкілдігінің кеңсесінде өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, ол қазіргі геосаяси жағдайдағы әр елдің әрекеті ертеңгі репутациясын анықтайтынын айтты.

«Еуропа елдеріне қосылмаған, бірақ G-7 елдерімен әріптестікті жалғастырғысы келетін елдерге келсек, бұл – репутация мәселесі. Егер қандай да бір елдің санкцияларды айналып өтуге тұғыр болып отырғаны дәлелденсе, бұл өзге компаниялар үшін салқын қатынас әсерін туындатуы мүмкін. Компаниялар мұндай елдің компанияларымен істес болуға аса құлықты болмайды. Өйткені, өздері санкцияға түсіп қалуы мүмкін және ол туралы жақсы біледі», - деді арнайы өкіл.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды