Тағы бір өлім: Маңғыстауда әскери атыс кезінде сарбаз қаза тапты

17.02.2026, 16:14
228
Тағы бір өлім: Маңғыстауда әскери атыс кезінде сарбаз қаза тапты asker.kz

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан армиясында тағы бір адам өлімі тіркелді. Ақпаратты Қазақстан Республикасының Құрлық әскерлері растады.

2026 жылғы 17 ақпанда Маңғыстау облысындағы Бейнеу полигоны аумағында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің Батыс өңірлік қолбасшылығы құрамында қызмет атқарып жүрген мерзімді әскери қызметші қаза тапты.

Ресми дерекке сәйкес, оқиға жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде болған. Қару қолдану барысында сарбаз өмірімен сыйыспайтын жарақат алған.

Аталған факті бойынша Батыс өңірдің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Комиссияны Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев басқарып отыр.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтар айында Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі төрт сарбаз көз жұмған. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды