285

Бурабайдағы квадроцикл апатынан соң 24 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Зардап шеккен қыз жансақтау бөлімінде тыныс алу аппаратына қосылған.

Бурабайдағы квадроцикл апатынан соң 24 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 14 ақпанда Бурабай аумағында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Қыз квадроцикл жүргізушісінің артында отырған сәтте техника жоғары жылдамдықпен ағашқа соғылған. Ақпаратты Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жеңіл жарақат алған. Ал оның 24 жастағы танысы – жолаушы қыз аса ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр әрі тұрақсыз деп бағалап отыр.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен қызға ауыр жарақаттар анықталған. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, дәрігерлер консилиумы өткізілген. Науқастың жағдайы аса күрделі болғандықтан, әзірге ота жасауға тәуекел етілмей отыр.

Оқиға бойынша Ақмола облысының ПД сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған.

Материал авторы