ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталды

18.02.2026, 11:09
207
ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталды gov.kz

ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Комитеттің ресми жауабына сәйкес, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген ҰҚК жауабында.

Құқық қорғау органы ықтимал құқық бұзушылықтың бабы мен қолданылған процессуалдық шаралар туралы мәлімет беруден бас тартты.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында шенеуніктің ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған. Алайда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бұл мәліметті растаған жоқ.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, интернетте тарап жатқан ақпарат ресми дереккөздермен расталмаған. Олардың айтуынша, лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққан.

Жақсылық Омар 2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін ол алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғанын да ресми түрде растаған еді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды