378

Украина Лукашенкоға қарсы санкциялар енгізді

Зеленский Лукашенконың Ресейге көмегі үшін жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Украина Лукашенкоға қарсы санкциялар енгізді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина Президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желілерде Беларусь басшысы Александр Лукашенкоға қарсы санкциялар пакетін енгізгені туралы хабарлады.

Зеленский X парақшасында жариялағандай, санкциялар Лукашенконың украин азаматтарына қарсы шабуылдарға жан-жақты көмегі үшін қабылданды. Ол санкцияларды енгізудегі негізгі себепті былай түсіндірді:

«2025 жылғы екінші жартысында Беларусь аумағында ресейліктер соққы беретін дрондарды басқаруға арналған ретрансляциялық станцияларды орнатты. Бұл Ресей армиясына біздің солтүстік аймақтарға Киев облысынан Волыньге дейін соққы жасау мүмкіндігін арттырды. Беларусьсіз ресейліктер кейбір шабуылдарды, оның ішінде энергетика және темір жол инфрақұрылымына қарсы соққыларды жүзеге асыра алмайтын еді», — деді Зеленский.

Ол сондай-ақ 3 мыңнан астам беларусь кәсіпорны Ресейдің соғысқа қатысуына техника, жабдықтар мен бөлшектер жеткізіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Беларусь аумағында орта қашықтыққа арналған «Орешник» зымырандарын орналастыру инфрақұрылымы дамып жатқанын айтты.

Зеленскийдің сөзінше, Лукашенко Беларусь тәуелсіздігін өз билігін сақтау үшін сатуда, Ресейге жаһандық санкцияларды айналып өтуге көмектесіп, соғысты белсенді түрде ақтап отыр. Сондықтан оның іс-әрекетіне ерекше шаралар қолданылатын болады.

Материал авторы