2699

Атырау облысы 10 сынып оқитын қыз өз үйінен өлі күйінде табылды

Мектеп оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Атырау облысы 10 сынып оқитын қыз өз үйінен өлі күйінде табылды
depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Доссор қаласында оныншы сынып оқушысының денесі тұратын үйінен табылды.

Бастапқы болжам бойынша, оқиға өз-өзіне қол жұмсаумен байланысты болуы мүмкін. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда.

Ресми себептер әлі жарияланбаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыз мектепте белсенді және жақсы оқитын оқушы болған.

Материал авторы