Бюджеттен 350 млн теңге ұрлаған күдікті Қырғызстаннан елге жеткізілді
Қылмыс жалған шот-фактуралар арқылы жасалған болуы мүмкін.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасының аумағынан Қазақстан азаматы экстрадицияланғанын хабарлады. Ол бюджетке ірі көлемде зиян келтірген ауыр экономикалық қылмысқа күдікті.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2023 жылы мүліктік пайда табу мақсатында нақты орындалмаған жұмыстар бойынша жалған шот-фактуралар рәсімдеу схемасын ұйымдастырған. Соның салдарынан мемлекетке төленбей қалған салық түріндегі шығын көлемі шамамен 350 млн теңгені құраған.
Қылмыс жасалғаннан кейін ол бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
Күдікті 2025 жылдың наурыз айында Бішкек қаласында ұсталған. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қырғыз Республикасы аумағынан елге экстрадицияланды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Бас прокуратураның мәліметінше, аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Материал авторы