Бестеректегі апат: Балалары қаза тапқан отбасы жүргізушіге куәлік бергендерді жазалауды талап етті

19.02.2026, 11:13
232
Бестеректегі апат: Балалары қаза тапқан отбасы жүргізушіге куәлік бергендерді жазалауды талап етті Tengrinews.kz

4 бала көз жұмған жол апатынан кейін екі отбасы әлі әділдікке қол жеткізе алмай келеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысындағы Бестерек ауылында төрт кәмелетке толмаған баланың қазасына байланысты олардың туыстары денсаулығы жарамайтын адамға жүргізуші куәлігін бергендерді жауапқа тартуды талап етуде.

Балаларын жоғалтқан екі отбасы әлі күнге дейін толық әділдікке қол жеткізе алмағанын айтады.

«Қайғылы оқиғадан кейін алты ай бойы олар Бестерек ауылындағы және облыс орталығындағы түрлі мекемелерге жүгінді. Бірақ нақты әрі толық жауап ала алған жоқ», – деп хабарлайды «Жетінші арна».

Жәбірленушілер денсаулығы жарамайтын адамға жүргізуші куәлігін берген медицина қызметкерлері мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етуде. Сонымен қатар, олар Үржар аудандық соты әрекетіне де құқықтық баға берілуі керек деп санайды. Отбасы пікірінше, сот ісі уақытылы әрі жан-жақты қарамаған.

«Жауапты қызметкерлер салғырттық танытты, бірақ өз басқармаларында тек ескерту мен сөгіс алды. Бізге тергеу осынымен аяқталды деп хабарлады. Бұл жай ғана жаба салатын жағдай емес. Ол алты баланы қағып, төртін өлімге әкеп соққан, қалған екеуі ауыр жарақат алды», – деді жәбірленуші тарап өкілі Ернар Бұланбаев.

Жол апаты салдарынан екі жасар ұлынан айырылған Ернар Бұланбаев пен оның жұбайына сот әрқайсысына 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы тағайындады.

Ал жол апатында үш бірдей баласынан айырылған Таңшолпан Каримова мен оның жұбайына әрқайсысына 15 миллион теңгеден моральдық өтемақы, 336 мың теңге материалдық шығын және әрқайсысына 200 мың теңгеден өкілдік шығын төленді.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында көлік бір топ баланы қағып, үш бала оқиға орнында қаза тауып, тағы үш бала жарақат алған еді. Кейін комаға түскен қыз бір айдан соң қайтыс болып, қаза тапқан балалар саны төртке жетті. Сот отырысында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жүргізуші сөз сөйлеген еді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды