376

Мәулен Әшімбаев вице-президент болуы мүмкін бе? Сенат Төрағасы жауап берді

Әшімбаев ел мүддесі үшін кез келген бағытта жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Мәулен Әшімбаев вице-президент болуы мүмкін бе? Сенат Төрағасы жауап берді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-президент лауазымына тағайындалатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл сөздердің ешқандай негізі жоқ.

«Кадрлық шешімдер жаңа Конституция қабылданғаннан кейін қаралады. Тағайындаулар тек оның нормаларына сәйкес жүзеге асады және бұл президенттің құзыретіне жатады», – деді Әшімбаев.

Сонымен қатар, Сенат төрағасы вице-президент лауазымы жайлы пікір білдіру орынды емес екенін атап өтті. Ол өкілеттігі тоқтатылған жағдайда да елдің мүддесі үшін «кез келген бағытта» жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Материал авторы