Алматы маңында 5,3 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан сейсмологтары жойқын жерасты дүмпуін анықтады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында орналасқан өңірде магнитудасы 5,3 баллдық жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуі туралы Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығыхабарлады.
Мекеме мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 14:09-да тіркелген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан 311 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай, Қырғызстан мен Қытай шекарасына жақын аумақта орналасқан.
Сейсмологтардың дерегінше, эпицентр координаттары – 42.176° солтүстік ендік, 80.438° шығыс бойлық, ошақтың тереңдігі – 15 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,8, магнитудасы – 5,3.
Қазақстан аумағындағы елді мекендерде есептік қарқындылық 2–3 балл деңгейінде сезілген.
Дүмпу негізінен Алматы облысы аумағында байқалып, жекелеген аудандарда 3 баллға дейін жеткен.
Сондай-ақ Жетісу облысы аумағында да әлсіз дүмпу тіркелген.
Қазіргі уақытта қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Материал авторы