242

Жүрсін Ерман «Қазақстанның Халық жазушысы» атанды

Айтыс пен әдебиетке сіңірген еңбегі үшін Жүрсін Ерманға жоғары атақ берілді.

Жүрсін Ерман «Қазақстанның Халық жазушысы» атанды
Алматы қаласының әкімдігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Жүрсін Ерман «Қазақстанның Халық жазушысы» атанды.

Мемлекеттік награда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, құрметті атақ қаламгерге ұлттық әдебиетті дамытуға, айтыс өнерін өркендетуге қосқан елеулі үлесі үшін табысталған.

Марапат ақынның 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концертте тапсырылды. Құрметті атақты Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыстап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын жеткізді.

Жүрсін Ерман бұған дейін де бірқатар мемлекеттік және кәсіби марапатқа ие болған. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы тағайындайтын Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың екі мәрте лауреаты.

Айта кетейік, мерейтой қарсаңында қаламгер соңғы жылдары поэзияға сирек қалам тартқанын айтып, шығармашылық үдерістегі жеке ұстанымдарын да ашық жеткізген еді.

Материал авторы