Астанада халықаралық STEAM олимпиадасы өтеді

25.04.2023, 14:24
598
Астанада халықаралық STEAM олимпиадасы өтеді smartnews.kz

Елордада қалалық және халықаралық екі STEAM олимпиадасы өтеді. Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даниал Айткенов айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«STEAM олимпиадасы – техникалық білім берудегі барлық соңғы жетістіктерді қамтитын инновациялық білім беру олимпиадасы. Олимпиада бағдарламалау, инженерлік робототехника және 3D модельдеу сияқты техникалық салаларда білім беруді қамтиды. STEAM білім беруді насихаттау нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдануды және балалардағы техникалық пәндерге қызығушылықты дамытуды білдіреді. 2017 жылдан бастап 5 олимпиада өткізілді. Биыл қалалық және халықаралық 2 STEAM олимпиадасын өткізу жоспарланған», - деді Д. Айткенов Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Олимпиаданы Астана қаласының әкімдігі цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы, «Астана Innovations» АҚ, STEAM Академиясы және Astana IT University қолдауымен өткізеді.

«Шараға елордалық білім беру мекемелерінің оқушылары, барлық облыстар мен қалалардың мектеп оқушылары және шет елдерден келген оқушылар да қатысады. Айта кету керек, мұндай олимпиадалар елордалық оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыратыны сөзсіз. Қалалық STEAM олимпиадасына 200 оқушы және халықаралық STEAM олимпиадасына тағы 200 оқушы қатысады деп жоспарланып отыр», - деді Д. Айткенов.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген