SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды. Бұл туралы Қазгидромет РМК ресми ескерту таратты.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында боран, қар мен жаңбыр, тұман, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Бірқатар өңірде жел екпіні қауіпті деңгейге дейін күшейеді.
Ең күрделі жағдай мына өңірлерде болжанып отыр:
Астана – түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысы – тұман, жел 15–20 м/с.
Ақтөбе облысы – қар мен жаңбыр, боран, көктайғақ, кей жерлерде жел 23–28 м/с.
Ұлытау облысы – жаңбыр, қар, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15–20 м/с.
Қарағанды облысы – жолдарда көктайғақ, тұман, жел 15–20 м/с.
Жамбыл облысы – жел 23–28 м/с-қа дейін күшейеді, таулы аудандарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.
Абай облысы – түнде қар, кей жерде қатты қар, боран, көктайғақ, жел екпіні 23 м/с-қа дейін.
Қызылорда облысы – тұман, түнде солтүстігінде көктайғақ, жел 15–20 м/с.
Қостанай облысы – жаңбыр, қар, боран, көктайғақ, тұман, жел 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы – түнде қар, боран, көктайғақ, шығысы мен оңтүстігінде кейде қатты қар, жел екпіні 23 м/с-қа дейін.
Атырау облысы – жаңбыр, қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде солтүстігінде қатты жауын-шашын, жел 15–20 м/с.
Павлодар облысы – оңтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысы – жаңбыр, қар, жаяу боран, көктайғақ, кей жерде қатты жауын-шашын, жел 15–20 м/с.
Түркістан облысы – солтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр, тұман, жел 15–20 м/с.
Маңғыстау облысы – тұман, жел кей жерде 23 м/с-қа дейін.
Солтүстік Қазақстан облысы – оңтүстігінде тұман, жел 15–20 м/с, кей жерде 25 м/с.
Алматы облысы – түнде және таңертең тұман, жел 15–20 м/с.
Жетісу облысы – орталығы мен таулы аудандарында тұман, Алакөл маңында жел 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
RUS