TikTok-тағы пікір үшін Cолтүстік Қазақстан тұрғыны 5 жылға сотталды

20.02.2026, 09:52
394
TikTok-тағы пікір үшін Cолтүстік Қазақстан тұрғыны 5 жылға сотталды ЖИ иллюстрациясы

Әйел Қазақстанның аумақтық тұтастығын жоққа шығарған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында TikTok желісіндегі пікір үшін сотталған әйелге қатысты қылмыстық іс қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Сот материалдарына сәйкес, өңірдің 40 жастағы тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған бейнероликтің астына арандатушылық мазмұндағы пікір қалдырған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, сөз болған видео Петропавл қаласының атауына қатысты талқылауға арналған. Ал әйелдің ашық парақшада жариялаған пікірі Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын жоққа шығаруға бағытталған мәлімдеме ретінде бағаланған.

Аталған жазба әлеуметтік желіде жылдам тарап, бейнеролик жойылғанға дейін мыңдаған лайк пен пікір жинаған.

Оқиғадан кейін қолданушылардың бірі мемлекеттік e-Otinish сервисі арқылы құқық қорғау органдарына жүгініп, жазба авторына қатысты тексеріс жүргізуді сұраған.

Есепке алу және жедел-іздестіру шаралары барысында аккаунт иесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті-нің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшелері анықтаған. Пікір жарияланған ұялы телефон тәркіленіп, аккаунттың нақты осы адамға тиесілі екені расталған.

Сотта әйел өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол пікірді жазғанын растағанымен, айтылған сөздерді «тарихи дерек» ретінде қабылдағанын, бұл мәліметті өзіне әжесі айтқанын алға тартты. Сонымен бірге, ойын дұрыс жеткізе алмағанын және TikTok алгоритмдері мәтінді толық жазуға мүмкіндік бермегенін мәлімдеді. Бұған қоса, ол бұған дейін сепаратизм үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін білмегенін айтты.

Алайда сот тағайындаған психологиялық-лингвистикалық сараптама (саясаттанушының қатысуымен) бұл уәжбен келіспеді. Сарапшылар пікір мәтінінде Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау белгілері бар деген қорытынды шығарған.

Сот отырысында әлеуметтік желі қолданушылары әйелді жауапкершілік туралы алдын ала ескертіп, Қылмыстық кодекстің баптарын да келтіргені белгілі болды. Алайда ол жазбаларға жауап ретінде «ешкімнен де, ештеңеден де қорықпайтынын» білдірген.

Жинақталған дәлелдемелерді — скриншоттарды, тексеру хаттамаларын, куәгерлердің жауаптарын және сараптама қорытындысын зерделей келе, сот айыпталушының әрекеті әдейі жасалған деген тұжырымға келген.

Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасытағайындалды. Әйел сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды