Францияда зейнетақы реформасына наразы электршілер Канн фестивалін болдырмай тастаймыз деп сес көрсетті

25.04.2023, 14:38
712
Францияда зейнетақы реформасына наразы электршілер Канн фестивалін болдырмай тастаймыз деп сес көрсетті smartnews.kz

Күшті CGT одағының филиалы Ұлттық кен және энергетика федерациясының мүшелері Канн кинофестиваліне, сондай-ақ басқа спорттық және мәдени шараларға әсер етеді деп күтілетін "Әрекет пен ашудың 100 күнін" жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұған дейін президент Эммануэль Макрон француздарға күнделікті өмірді жақсарту үшін 100 күндік іс-қимыл жоспарын ққұруға уәде еткен еді. Жауап ретінде кәсіподақ өкілдері "100 күндік әрекет пен ашу" наразылық акциясын жариялады, деп жазды The Guardian.

"Макрон 100 күн тыныштыққа уәде берді, біз оған 100 күн әрекет пен ашуға уәде береміз! Қазір отставкаға кететін уақыт емес. Канн кинофестивалі, Монако гран-приі, Францияның ашық чемпионаты, Авиньон фестивалі жайына қалуы мүмкін. Біз бас тартпаймыз!", - Кәсіподақ мәлімдемесінен.

CGT Energy кәсіподағының бас хатшысы Фабрис Кудурдың айтуынша, мақсат – іс-шараларды өткізбей тастау емес, наразылық алаңына қол жеткізу.

"Біз жабулы қазанды жабулы күйде қалдырмағанымызды, ашу әлі де бар екенін және оны мүмкіндігінше барлық жерде көрсеткіміз келеді. Бізге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және тіпті Канн кинофестивалінде де құлақ түргенін қалаймыз. Біздің көзқарасымызды қолдайтын атақты адамдар бар", - деді Фабрис Кудур.

Жаңа заңнама ресми зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін ұлғайтады және зейнетақыны толық алу үшін жарнаны көбірек төлеуді талап етеді.

Үш айға созылған наразылықтардан кейін Макрон үкіметі наурыз айында Ұлттық жиналыста дауыс беруден айналып өтетін төтенше конституциялық құралды пайдаланып, заңды парламенттен өткізген.

Мамырдың 16-сы мен 27-сі аралығында өтетін 76-Канн кинофестивалінің ұйымдастырушылары бұл жағдай жөнінде пікір білдірмеді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)