311

Головкин мен Шайдоров Софья Самоделкинаны құттықтады (ВИДЕО)

Отандық спортшы Софья Самоделкина екі бағдарлама қорытындысында 207,46 ұпай жинады.

Головкин мен Шайдоров Софья Самоделкинаны құттықтады (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Олимпиададағы алғашқы өнер көрсетілімінен кейін Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин мен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров тарапынан құттықтау қабылдады.

Кездесу спортшы мұз айдынынан түсе салысымен өткен. Бейнежазбаны Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметі жариялады. Айта кетерлігі, Самоделкинаның Олимпиададағы дебюті оның туған күнімен тұспа-тұс келді.

Қазақстандық спортшы қысқа және еркін бағдарламаларын сенімді орындап шықты. Қысқа бағдарламада – 138,99 ұпай жинаса, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 207,46 ұпай еншіледі. Осы нәтижемен ол 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында әлемнің үздік он мәнерлеп сырғанаушысының қатарына кірді.

Материал авторы