799

Трамп Өзбекстан президентінің аты-жөні туралы әзілдеді (ВИДЕО)

Бейбітшілік кеңесінде Трамптың әзілі залды күлдірді.

Трамп Өзбекстан президентінің аты-жөні туралы әзілдеді (ВИДЕО)
President.uz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөйлеп тұрып, Өзбекстан президентін өз досы деп атап, оның тегі әлемдегі ең күрделі фамилиялардың бірі екенін әзілмен жеткізді.

«Өзбекстан президенті Мирзиёев – қайда өзі? Міне, осында. Бұл – менің тарихтағы ең қиын фамилиялардың біріне ие досым. Бірақ ештеңе етпейді, оның маңызы жоқ», – деді Дональд Трамп.

Оның бұл сөзі жиынға қатысушылар арасында күлімсіреу туғызды.

Айта кетейік, аталған отырысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

Материал авторы