269

Дастан Сәтпаев үшін Алматыға Лондоннан «Челсидің» арнайы мамандар келді

Лондондық клуб мамандары алматылық базада жас футболшының оңалту ісіне тікелей қатысып жатыр.

Дастан Сәтпаев үшін Алматыға Лондоннан «Челсидің» арнайы мамандар келді
Қайрат

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматылық Қайрат футбол клубы базасына Лондонның Chelsea FC клубынан мамандар арнайы келді. Бұл ақпаратты клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев растады.

Оның айтуынша, лондондық клубтың өкілдері «Қайраттың» оқу-жаттығу базасында қазақстандық бапкерлермен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі назар – жарақатынан кейін оңалту кезеңінен өтіп жатқан жас шабуылшы Дастан Сәтпаев.

Боранбаевтың сөзінше, британдық мамандар футболшының қалпына келу барысын жеке талқылап, алаңдағы және жаттығу залындағы дене дайындығы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуде.

«Дастанның оңалту үдерісін жеке қарадық. Шетелдік мамандар тек қалпына келуіне көмектесіп қана қоймай, физикалық дайындықтың заманауи тәсілдерін де ұсынып жатыр. Оның тезірек сауығып, толық бабына келуін тілейміз», – деді ол.

Еске салайық, жас форвардтың «Қайраттан» «Челси» клубына ауысатыны 2025 жылғы ақпанда ресми жарияланған. Келісім бойынша футболшы 18 жасқа толғаннан кейін, 2026 жылдың тамызында лондондық клуб сапына қосылады. Трансфер сомасы шамамен 4 миллион еуро деп бағаланған.

Дастан Сәтпаев 2025 жылдың қарашасынан бері жарақатына байланысты бірде-бір ресми матчқа қатысқан жоқ. Қазіргі уақытта ол толық оңалту бағдарламасынан өтіп жатыр.

Материал авторы