629

Маңғыстаулықтар жер сілкінісін сезінді

Маңғыстауда магнитудасы 4,7 жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы ақпарат таратты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Маңғыстаулықтар жер сілкінісін сезінді
smartnews.kz

«Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелді. Эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты», - делінген мәліметте.

Облыс тұрғындары жер сілкінісі сезілгенін бірден әлеуметтік желіде жазды.

«Жер сілкінісі дүмпуін сезіндім. Сегізінші қабатта тұрамыз. Еден дірілдеп, жарық шамдары қозғалды», - деп жазады Ақтау қаласы шағын аудандарының бірінің тұрғыны Аманкелді Байзрахман.

Бұл жер сілкінісінен кейін өңірде ешқандай залал туралы ақпарат тіркелмеген.