261

Жәнібек Әлімханұлы допингке байланысты жекпе-жектерден бір жылға шеттетілді

Мельдоний препараты спортшы сынамасынан екі рет табылған еді.

Жәнібек Әлімханұлы допингке байланысты жекпе-жектерден бір жылға шеттетілді
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, World Boxing Organization (WBO) допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлы туралы ресми шешімін жариялады.

Ұйым қаулысына сәйкес, қазақстандық боксшы бір жылға жарыстардан шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап есептеледі. Осылайша, Әлімханұлы кәсіпқой рингке 2026 жылдың соңындақайта оралуы тиіс.

Мәліметке сай, боксшының 15 қарашада тапсырған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған.

Осыдан кейін VADA ұйымы спортшыға ресми хат жолдап, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек өтпейтінін хабарлаған.

WBO ережесіне сәйкес, дисквалификация мерзімі аяқталған соң қазақстандық боксшы уақытша чемпиондық белдік иесімен рингке шығуы керек.

Материал авторы