250

Қызылордада бір топ жігіт мектеп оқушысын жабылып ұрып кетті

Жасөспірімді бір емес, сегіз адам соққыға жыққан.

Қызылордада бір топ жігіт мектеп оқушысын жабылып ұрып кетті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда қаласында бір топ жігіт мектеп оқушысына жабылып, соққыға жыққан.

Кәмелетке толмаған жасөспірім соққыдан кейін жерге құлағанына қарамастан, шабуыл жасағандар оны тепкілеп, ұруын жалғастырған.

Оқиға көпқабатты үй маңында болған. Төбелес сәтін тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған. Кадрдан жасөспірімнің асфальтта жатқанын және оған кемінде сегіз адамның шабуыл жасағанын көруге болады. Бұзақылар тек көшеден өтіп бара жатқан әйелдің айқайынан кейін ғана әрекетін тоқтатып, қашып кеткен.

Полиция мәліметінше, шабуылға қатысқан барлық адам анықталған. Алайда тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланбай отыр. Қазіргі уақытта факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Материал авторы