229

Англияда Рамазан кезінде футболшыларға ауызашарға үзіліс беріледі

Рамазан айында матчтарға жаңа талап енгізілді.

Англияда Рамазан кезінде футболшыларға ауызашарға үзіліс беріледі
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Англияда Рамазан айының басталуына байланысты мұсылман футболшыларға арналған арнайы тәртіп қайта енгізіледі.

Англия Премьер-лигасы мен Англия футбол лигасы (EFL) кейбір матчтар кезінде қысқа техникалық үзіліс жасауға рұқсат берілетінін растады. Бұл үзіліс ойыншылардың ауызашар ішуіне мүмкіндік беру үшін қарастырылған.

Премьер-лигада қазір мұсылман футболшылар аз емес. Олардың қатарында Мұхаммед Салах, Уильям Салиба, Раян Айт-Нури және Амад Диалло бар.

Рамазан айы бойы футболшылар таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ұстайды.

Лиганың хабарлауынша, матч кезіндегі қысқа үзілістер алдын ала келісіліп, ойынның табиғи тоқтау сәттерінде ғана жүзеге асырылады. Үзіліс енгізу тәртібі командалар капитандары мен төрешілердің өзара келісімі арқылы белгіленеді.

Ұйымдастырушылар бұл шешім спортшылардың діни қажеттілігін ескеруге бағытталғанын және ойынның әділдігі мен бәсекелік теңдігіне әсер етпейтінін атап өтті.

Материал авторы