363

Астаналық әйел Павлодарда интимдік қызмет желісін басқарған

Астыртын интим-бизнеспен айналысқан әйел сотталды.

Астаналық әйел Павлодарда интимдік қызмет желісін басқарған
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны Павлодар қаласында интимдік қызмет көрсететін астыртын желіні қашықтан басқарғаны үшін сот алдында жауап берді.

Тергеу дерегінше, әйел арнайы сайт арқылы клиенттерден тапсырыс қабылдап, қызмет көрсеткен әйелдерге нұсқау беріп отырған. Әр тапсырыстан небәрі 30 пайыз үлес алып отырған.

Қызмет құны 20 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін болған.

Заңсыз қызмет шамамен екі ай — 2024 жылғы тамыз бен қазан аралығында жұмыс істеген. Полицейлер ұйымдастырушыны анықтау үшін бақылау сатып алу шарасын жүргізіп, қызмет көрсетушілердің біріне жасырын камера мен диктофоны бар қызметкерді жіберген. Осыдан кейін астыртын желінің жұмысы тоқтатылды.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияға үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Алайда сот оның кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, жазаның орындалуын бес жылға кейінге қалдырутуралы шешім қабылдады.

Интимдік қызмет көрсеткен әйелдер қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Оларға тек әкімшілік жаза қолданылды.

Материал авторы