522

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алатыны болжанады

Синоптиктер Қазақстанның қос мегаполисінің тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындайтынын ескертті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алатыны болжанады
unsplash

"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек,  26 сәуірде Алматыда, 26 сәуірге қараған түні Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар көрініс табады деп күтіледі. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді үйлесімі болып табылады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2023 жылы 26 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.