«Қазақстанда жаттыққан ыңғайлы»: Михаил Шайдоров Ресейдегі жаттығуы туралы айтты
Сочиде өзімді әрдайым еркін сезіне бермедім дейді Миша.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жаттығуды Қазақстанда өткізуді Ресейге қарағанда әлдеқайда қолайлы санайтынын айтты. Бұл туралы Okko Sport YouTube-арнасына берген сұхбатта айтып берді.
Спортшыдан бір жыл бұрын Сочи қаласынан елге оралғаны еске салынып, көшу қаншалықты қиын болғаны сұралған.
Шайдоровтың айтуынша, Ресейде дайындық жасау әрдайым жайлы бола бермеген.
«Маған Қазақстанда жаттыққан әлдеқайда ұнайды. Сочиде өзімді әрдайым еркін сезіне бермедім. Ал Қазақстанда болу маған шын мәнінде ұнайды. Дегенмен дайындық жағынан жағдай жасалды. Мұз айдыны берілді, тіпті жеке киім ауыстыратын бөлмем де болды.
Жалпы, жаттығу үдерісі жаман болған жоқ. Алексей Евгеньевич кейде маған өзі келіп тұрды, бірақ көбіне онлайн жұмыс істедік. Әсіресе жарыстардың алдында ол жиі келіп, әрі қарай сол жақтан бірге жолға шығатынбыз», – деді спортшы.
Шайдоровтың жеке бапкері – Алексей Урманов.
Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары жарысында чемпион атанды. Жеңістен кейін спортшы «Барыс» орденінің II дәрежесімен марапатталды және ақшалай сыйақы алады.
Сондай-ақ Шайдоров Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын алып шықты.
Материал авторы