Аула сыпырушы жетінші қабаттан құлаған баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)
Өзбек мигранты кішкентай баланың өмірін сақтап қалып, өзінің қолын сындырып алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 ақпанда Санкт-Петербургте ерекше оқиға болды. Жергілікті аула сыпырушы жетінші қабаттан құлап келе жатқан баланы лезде ұстады. Бұл сәт видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде таралды. Бала бірнеше сын алғанына қарамастан тірі қалды.
Оқиға барысында бала карнизде асылып тұрған. Көршілер оны байқап, көмектесуге тырысты. Бала әлсіреп, ұстай алмай қалған кезде, аула сыпырушы дереу жүгіріп келіп, оны ұстап қалды. «Комсомольская правда» басылымының хабарлауынша, осылайша ол құлаған баланың жарақатын жеңілдетті.
Содан кейін аула сыпырушы баланы подъезге кіргізіп, дәрігерлерге тапсырды. Құтқарушы – Өзбекстаннан келген 36 жастағы еңбек мигранты Хайрулло Ибадуллаев екені белгілі болды. РЕН ТВ эфирінде ол құтқару кезінде қолын сындырғанын айтты.
Телеарна мәліметіне сәйкес, бала анасы жоғалғанын шамамен 10 минуттан кейін ғана байқапты. Сол кезде анасы ас бөлмесінде болған, ал бала аутизм диагнозымен планшетпен ойнап отырған. Ол өз бетінше терезені ашып, құлап кеткен. Қазіргі уақытта бала реанимацияда, дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалауда.
Материал авторы