406

Еркін Нұржанов Рамазанның алғашқы жұмасында қызды болды

Әнші бесінші қызының есімін Фирдаус қойды.

Еркін Нұржанов Рамазанның алғашқы жұмасында қызды болды
instagram.com/erkin_nurjanov_official

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Еркін Нұржанов әлеуметтік желі арқылы бесінші қызының дүниеге келгенін хабарлады. Қыздың есімі Фирдаус деп қойылды.

Өнер иесі болашақ сәбиінің жынысын білген сәтін де бөлісті. Бірінші УДЗ-дан кейін жұбайымен шағын гендер-пати ұйымдастырғанын айтып, қуанышты сәтті тек екеуі бөліскенін жеткізді.

Сонымен қатар, Еркін Нұржанов марқұм анасы жайлы естелігін жариялады. Оның айтуынша, анасы өзінің алғашқы босануы кезінде әкесінің көзінен жасырынған, ал қазір уақыт пен түсінік басқа деңгейде.

Әнші оқырмандарынан сүйінші сұрап, қуанышын бөлісті:

«Жеткенде шүкір Алла шын асылға, Еркін балаң сүйінші сұрасын да. Эй, жақсылар, сүйінші, қызды болдым, Рамазанның алғашқы жұмасында», – деді ол.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор