666

Жанболат пен Жазираның ұлы Мальдивте сүйіктісіне ұсыныс жасады (ФОТО)

Танымал әншілердің ұлы сүйіктісіне неке сақинасын Мальдивте ұсынды.

Жанболат пен Жазираның ұлы Мальдивте сүйіктісіне ұсыныс жасады (ФОТО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, эстраданың танымал жұбы – Жанболат Ерболатов пен Жазира Байырбекованың ұлы Қазбек Қожахметов сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.

Жас жігіт бұл маңызды қадамын Мальдив аралдарында жасаған. Қуанышты жаңалықты анасы – Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жас жұпқа ақ тілегін арнады.

«Қолыңа қонған бақ құсың құтты болсын. Махаббаттарың мәңгі, ниеттерің ақ болсын. Аллам тіл-көзден сақтасын!» – деп жазды әнші.

Белгілі болғандай, Қазбек Қожахметов пен болашақ жары діни некесін де қиып қойған. Кадрлардан жас жұптың мұсылман неке куәлігі анық көрінеді. Жас жұбайларды көпшілік алдында құттықтағандардың бірі – әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында: «Қатарымызға қош келдіңдер! Бұйырса той!» – деп пікір қалдырған.

Осылайша өнерлі әулеттің ұлы отбасылық өмірге ресми түрде қадам басуға дайын екенін көпшілікке жария етті. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор