Астана іргесінде ашық аспан астындағы ең үлкен музей салынып жатыр

25.04.2023, 18:39
458
Астана іргесінде ашық аспан астындағы ең үлкен музей салынып жатыр smartnews.kz

Астана маңында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы салынып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, музей-қорықтың аумағы – 412 гектар. Бұл ашық аспан астында орналасқан еліміздегі ең үлкен музей болады.

«Қазіргі кезде музей аумағына қос қапталдан кіруге арналған биіктігі 7 метрден асатын кіреберіс қақпа мен бекініс қабырғаларының құрылысы басталды. Кіреберіс пен бекіністегі мұнаралар сол кезеңдегі технология бойынша арнайы жасалған құрылыс материалдарымен қапталады.

Жобаның негізгі мақсаты – ашық аспан астындағы музейде дала өркениетінің озық жетістіктерін көрсету», - делінген министрлік мәліметінде.

Мұнда Бозоқ қалашығымен қатар, энеолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі тарихи кешендердің тарихи реконструкциясы бой көтереді. Әр кешенде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихы көрсетіледі: сарай кешендері, ғибадатханалар, тұрғын үйлер, металлургиялық және қыш пештер, ұстаханалар мен шеберханалар, қолөнершілер орамы, ортағасырлық базар, петроглифтер және тағы басқасы.

Болашақта Бозок инновациялық жоба ретінде елорданың ғана емес еліміздің туристік картасында тартымды мәдени инфрақұрылымға айналады деп күтілуде. Тарихи-мәдени жоба шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға серпін бермек.

«Бүгінгі жастар көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын ақпаратты жақсы қабылдайды. Жаңа форматтағы музей оларға сол дәуірдің атмосферасын, халықтың тұрмысын толық сезінуге және дала өркениетінің озық мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл жоба болашақта Қазақстанның танымал туристік брендтерінің біріне айналатыны анық. Музей-қорық ашу ішкі және келу туризмін дамытуға мүмкіндік береді, елорда өңірінің инвестициялық тартымдылығын жақсартады, Қазақстанның Еуразияның далалық тарихының сақтаушысы ретіндегі халықаралық имиджінің өсуіне оң ықпал ететін болады», - деді ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сәуле Бөрібаева.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды