Өскемен маңындағы жолда Audi отқа оранды (ВИДЕО)
Өрт шыққан сәтте көлік ішінде адамдар болған-болмағаны нақтылануда.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 ақпанда Өскемен – Алтай тасжолының 57-шақырымында жеңіл көлік өртеніп кетті. Оқиға туралы YK-news.kz жазды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Audi 80 автокөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Сол сәтте жол бойымен патрульдік полиция экипажы өтіп бара жатқан.
Қызметкерлер дереу тоқтап, жүргізушіге көмектесіп, жалынды сөндіруге кіріскен. Өрт оқиғасы кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші