367

Биылғы егіс науқанына былтырғыдай 1 трлн теңге бөлінеді

Бектенов егіс науқанына қажетті жағдайлар жасалғанын айтты.

Биылғы егіс науқанына былтырғыдай 1 трлн теңге бөлінеді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысының қолдауымен үшінші жыл қатарынан егіс науқанына қомақты қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында аграрлық маусымды сапалы өткізу үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Егін егу және күзгі жиын-терін жұмыстарын қаржыландыру көлемін былтырғыдай 1 трлн теңге деңгейінде қалдырдық. Оның ішінде техниканы лизингке алуға 300 млрд теңге қаралған. Сонымен қатар фермерлерге жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна жанармай бөлінуі жоспарланған», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр мемлекеттік қолдаудың тиімділігін ерекше атап өтіп, қаражат адал және жауапкершілігі жоғары диқандарға ғана берілуі керегін айтты. Әкімдіктер бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын тұрақты бақылауға алып, цифрлық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс.

Бұл шаралар аграрлық маусымды сапалы өткізуге және елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Материал авторы