381

Атырауда екі трансвестит клиенттеріне әдейі ВИЧ жұқтырған

Екеуінің қасақана ВИЧ жұқтырғаны дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атырауда екі трансвестит клиенттеріне әдейі ВИЧ жұқтырған
HALYQSTAN

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласында полиция екі адамды – 23 және 28 жастағы трансвеститтерді өз клиенттерін ВИЧ-инфекциясымен саналы түрде жұқтыруға әрекет жасаған деген күдікпен ұстады.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер өз диагноздарын білген және 2025 жылғы желтоқсан айынан бастап есепте тұрған, бірақ ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

Қазір олар уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық іс қозғалып, егер кінәлері дәлелденсе, 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталуы мүмкін.

Тергеушілер мүмкін зардап шеккендерді анықтап, оқиғаның барлық жағдайларын тексеруде.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор