311

Әнші Дильназ Ахмадиева ұлының ауыр дерті жайлы алғаш рет айтты

Ол өз оқиғасын басқа ата-аналарды қолдау үшін жария айтып отырғанын мәлімдеді.

Әнші Дильназ Ахмадиева ұлының ауыр дерті жайлы алғаш рет айтты
Замандас

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Дильназ Ахмадиева ұлының диагнозы туралы алғаш рет ашық айтты. Өнер иесі бұл туралы Zamandas подкастында айтты.

Әншінің айтуынша, ұлы Зейданға психикалық-сөйлеу дамуының кешеуілдеуі диагнозы қойылған. Өнер иесі бұл жағдай өзінің ішкі күйіне түбегейлі әсер еткенін жасырмады.

Ол соңғы кезде жүйкесі әлсіреп, күн сайын дерлік жылап жүретінін жеткізді. Дильназ Ахмадиева көз жасы әлсіздіктің емес, жиналған эмоцияны сыртқа шығарудың бір жолы екенін атап өтті.

Соған қарамастан, әнші баласының денсаулығы үшін күресті тоқтатпағанын және өз оқиғасын жария айту арқылы осындай жағдайға тап болған отбасыларға моральдық қолдау көрсеткісі келетінін мәлімдеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор