788

Нидерланды елі Астанада «Қызғалдақ» мүсінін орнатты

Астанадағы Ботаникалық бақта Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай «Қызғалдақ» мүсіні орнатылды.

Нидерланды елі Астанада «Қызғалдақ» мүсінін орнатты
t.me/pressmfakz

Smartnews.kz сайты бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нидерланды тарапы сыйға тартқан «Қызғалдақ» мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі бүгін өтті.

Шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Нидерландтың Қазақстандағы Елшісі Андре Карстенс, дипломатиялық корпустың, елорда әкімдігі мен жұртшылық өкілдері қатысты.

«Қазақстан мен Орталық Еуразия даласы қызғалдақтардың танылған отаны болып табылады. Бүгінгі таңда еліміздің кең байтақ жерінде жабайы қызғалдақтардың 35 түрін кездестіруге болады. Сонымен қатар Нидерландты де гүлдермен, әсіресе қызғалдақтармен байланыстырамыз.

Қызғалдақ – бейбітшілік, бақыт, береке мен жаңарудың нышаны. Бұл мүсін де Қазақстан мен Нидерланды арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында жылдан-жылға дамып келе жатқан әріптестікті айқындайды», - делінген ҚР СІМ мәліметінде.